15 Қаңтар, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №1435

283 рет
көрсетілді
40 мин
оқу үшін
2014 жылғы 31 желтоқсан,  Астана, Үкімет Үйі «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 80, 1191-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы»; 2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 3-тармағына және 10-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) күдікті операцияны айқындау белгілері бекітілсін.»; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беруінің бірыңғай тәртібін белгілейді.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Электрондық тәсілмен берілетін ақпаратты қызметінің ерекше түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) – 5) және 10) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi уәкілетті органға XML пішімінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының электрондық байланыс арналары арқылы жібереді. Электрондық тәсілмен берілетін ақпаратты Заңның 3-бабы 1-тармағының 6) – 9), 11), 12) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi, сондай-ақ қызметінің ерекше түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар уәкілетті органға XML пішімінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының электрондық байланыс арналарын немесе уәкілетті органның веб-порталын пайдалану арқылы жібереді. Электрондық тәсілмен берілетін ақпараттың XML пішімін уәкілетті орган бекітеді.»; мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын: «11. Қаржы мониторингі субъектісі бұрын ұсынған қаржы мониторингіне жататын операциялар, оның ішінде күдікті операциялар туралы қажетті ақпаратты алу мақсатында уәкілетті орган қаржы мониторингінің субъектісіне осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес электрондық немесе қағаз тасығыштарда қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сұрау салу жібереді. Қаржы мониторингі субъектілері қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша сұратылған қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органға Заңның 10-бабы 3-1-тармағында белгіленген мерзімде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидалардың 3-5-тармақтарында айқындалған тәртіппен жібереді. Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органнан электрондық тәсілмен қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сұрау салуды алған кезде уәкілетті органға осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хабарлама жібереді.»; көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада: Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттың нысанында (бұдан әрі – ҚМ-1 нысаны): реттік нөмірі 1-жолдың 1.5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: « 1.5 Хабарлама беру үшін негіздеме (керегінің астын сызу керек)* 1. Шекті сомаға тең немесе одан асады 2. Күдікті операция 3. Күдікті операция жүргізуге ұмтылыс 4. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесімен сәйкес келуі: 4.1. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру 4.2. Банк шотын пайдаланбай төлемдер мен аударымдар бойынша нұсқауларды орындауды тоқтата тұру 4.3. Бағалы қағаздарды оқшаулау 4.4. Өзге операциялар жүргізуден бас тарту 5. Іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту 6. Операция жүргізуден бас тарту 7. Іскерлік қатынастарды тоқтату »; реттік нөмірі 2-жолдың 2.3-тармағы алып тасталсын; реттік нөмірі 4-жолдың 4.7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: « 4.7 Операцияға қатысушының банкі* 1.1. Филиалдың орналасқан жері: 1.2. Банктің атауы: 1.2.1. ААЖ атауы: 1.3. Банктің/филиалдың коды: 1.4. Қатысушы шотының нөмірі: 1.5. Операцияға қатысушылардың корреспонденттік шоттары туралы мәліметтер: 1.5.1. Банктің орналасқан жері: 1.5.2. Банктің атауы: »; реттік нөмірі 4-жолдың 4.11-тармағы алып тасталсын; ҚМ-1 нысанын толтыру бойынша түсініктемеде: «ҚМ-1 нысаны туралы мәліметтер» деген 1-бөлімде: он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «3. Тоқтатып қойылған» - егер қаржы мониторингі субъектісінде операция күдікті операцияларды айқындау белгілеріне сәйкес келеді деп ұйғаруға негіз туындаған кезде қаржы мониторингі субъектісі жүргізіліп жатқан операцияны тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған жағдайда көрсетіледі»; он сегізінші және он тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Шекті сомаға тең немесе одан асады» - егер «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағына сәйкес операцияның сомасы шекті сомаға тең немесе одан асқан жағдайда көрсетіледі». «2. Күдікті операция» - егер қаржы мониторингі субъектісінде оны жасау үшін пайдаланылатын ақша және (немесе) өзге мүлік қылмыстық әрекеттен түскен табыс болып табылады не операцияның өзі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді не өзге қылмыстық әрекетті қаржыландыруға бағытталған деген күдік туындаған жағдайда көрсетіледі.»; мынадай мазмұндағы жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші абзацтармен толықтырылсын: «3. Күдікті операцияны жүргізуге ұмтылыс» – егер клиент операция жасауға ұмтылыс жасаған, қаржы мониторингі субъектісінде оны жасау үшін пайдаланылатын ақша және (немесе) өзге мүлік қылмыстық әрекеттен түскен табыс болып табылады не операцияның өзі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді не өзге қылмыстық әрекетті қаржыландыруға бағытталған деген күдік туындаған жағдайда көрсетіледі. Осы деректеменің 3-тармағы көсертілген жағдайда, ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелер толтыруға міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3-жолдар, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14. Бұл ретте 4.2-деректемеде «2. Болып табылады» деген мән көрсетілген кезде мынадай деректемелерді толтыру міндетті болып табылады: 4.7 (1.4-жол), 4.13, жеке тұлғалар үшін: 4.15, 4.16 (1-жол), 4.17, 4.18. «4. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесімен сәйкес келуі» - егер операцияға қатысушы тұлға немесе ұйым терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінде тұрған жағдайда көрсетіледі, мұнда: «4.1. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру» - осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның банк шоттары бойынша, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатыла тұрған жағдайда көрсетіледі. Осы тармақ таңдалған кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді толтыру міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3, 1.4-жолдар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жол), 4.17, 4.18. «4.2. Банк шотын пайдаланбай төлемдер мен аударымдар бойынша нұсқауларды орындауды тоқтата тұру» - осындай жеке тұлғаның банк шотын пайдаланбай ақша төлемі немесе аударымы бойынша нұсқауларды, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің нұсқауларын орындау тоқтатыла тұрған жағдайда көрсетіледі. Осы тармақ таңдалған кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді толтыру міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3-жолдар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жол), 4.17, 4.18. «4.3. Бағалы қағаздарды оқшаулау» - егер ұйым немесе жеке тұлға терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жағдайда көрсетіледі. Бұл ретте бағалы қағаздарды ұстаушылар тіркелімдерінің жүйесіндегі және осындай ұйымның немесе жеке тұлғаның жеке шоттарында, сондай-ақ осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиенттің жеке шоттарында номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздар оқшауланады. Осы тармақ таңдалған кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректермелерді толтыру міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жол), 4.17, 4.18. «4.4. Өзге операциялар жүргізуден бас тарту» - осындай ұйым немесе жеке тұлға не олардың пайдасына, сол сияқты осындай жеке тұлға бенефициарлық меншік иесі болып табылатын клиент не оның пайдасына жасайтын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен өзге де операциялар жүргізуден бас тартылған жағдайда көрсетіледі. Осы тармақ таңдалған кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректермелерді толтыру міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3, 1.4-жолдар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жол), 4.17, 4.18. «5. Іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту» - Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда көрсетіледі. Осы тармақ таңдалған кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді толтыру міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3-жолдар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жол), 4.17, 4.18. «6. Операция жүргізуден бас тарту» - Заңның 5-бабы 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда көрсетіледі. Осы тармақ таңдалған кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді толтыру міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3-жолдар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жол), 4.17, 4.18. «7. Іскерлік қатынастарды тоқтату» - Заңның 5-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көзделген шараларды қабылдау мүмкiн болмаған жағдайда, сондай-ақ клиент жасайтын операцияларды зерделеу процесінде клиент іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланыланады деген күдік туындаған жағдайда көрсетіледі. Осы тармақ таңдалған кезде ҚМ-1 нысанының 3 және 4-бөлімдерінде мынадай деректемелерді толтыру міндетті болып табылады: 3.4, 4.2, 4.4, 4.5, 4.7 (1.1, 1.2, 1.3, 1.4-жолдар), 4.13, заңды тұлғалар үшін: 4.8, жеке тұлғалар үшін: 4.14, 4.15, 4.16 (1-жол), 4.17, 4.18.»; «ҚМ-1 нысанын жіберген қаржы мониторингі субъектісі туралы мәліметтер» деген 2-бөлімде: бесінші абзац алып тасталсын; «Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ақпарат» деген 3-бөлімде: үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «0623, 0624, 0633, 0634 кодтар көрсетілген және оффшорлық аймақта (аймақтан) операция жүргізілген жағдайларда 4.7 «Операция қатысушысының банкі» деген деректеменің «Банктің/филиалдың орналасқан елі» деген 4-тармағы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары үшін оффшорлық аймақтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығына сәйкес толтырылады.»; он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «3.10 «Күдікті операциялар белгілерінің коды» деген деректемеде осы қаулымен бекітілген қаржылық операцияның күдіктілік белгілері анықтамалығына сәйкес қаржылық операцияның негізгі күдіктілік белгісінің цифрлық коды көрсетіледі. 1.5-деректемесінің 2-тармағы көрсетілген жағдайда деректемені толтыру міндетті. 3.11 «Операцияның күдіктілік белгісінің 1-ші қосымша коды» деген деректемеде осы қаулымен бекітілген қаржылық операцияның күдіктілік белгілері анықтамалығына сәйкес қаржылық операцияның бірінші қосымша күдіктілік белгісінің цифрлық коды көрсетіледі. Деректеме ішкі бақылау шараларын іске асыру нәтижесіндегі күдікті қаржылық операциялардың қосымша белгісі анықталған жағдайда толтырылады. 3.12 «Операцияның күдіктілік белгісінің 2-ші қосымша коды» деген деректемеде осы қаулымен бекітілген қаржылық операцияның күдіктілік белгілері анықтамалығына сәйкес қаржылық операцияның екінші қосымша күдіктілік белгісінің цифрлық коды көрсетіледі. Деректеме ішкі бақылау шараларын іске асыру нәтижесіндегі күдікті қаржылық операциялардың қосымша белгісі анықталған жағдайда толтырылады.»; он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «3.14 «Операция жөнінде қосымша ақпарат» деген деректемеде 3-бөлімнің деректемелерінде толтыруға жататын ақпаратты қоспағанда, ішкі бақылау шараларын іске асыру кезінде оған қатысты, оның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылғаны туралы күдік туындаған операциялар жөніндегі ақпарат көрсетіледі.»; «Қаржы мониторингіне жататын операцияларға қатысушылар туралы мәліметтер» деген 4-бөлімде: он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «1.1 Филиалдың орналасқан жері» – банк Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан жағдайда 4.4-деректемеде көрсетілген анықтамалыққа сәйкес ел көрсетіледі. Филиал Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жағдайда операцияның басталған/аяқталған жерінің елді мекені көрсетіледі;»; он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «1.3 Банктің/филиалдың коды» – мысалы, резиденттер үшін және SWIFT BIC (немесе non-SWIFT BIC) резидент еместер және басқалар үшін БСК көрсетіледі. Операция банк филиалында өткізілген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 236 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген филиалдың коды көрсетіледі;»; отыз үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «2.1 Атауы:» – құрылтай құжаттарына сәйкес операцияға қатысушының құрылтайшысы заңды тұлға болған жағдайда, операцияға қатысушы құрылтайшының атауы тырнақшасыз көрсетіледі. Егер операцияға қатысушының құрылтайшысы жеке тұлға немесе дара кәсіпкер болса, онда мына тармақтар толтырылады:»; қырық төртінші абзац алып тасталсын; қырық алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «4.13 «ЖСН/БСН» деген деректемеде операцияға қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе резидент емес заңды тұлға шет мемлекетте тіркелген нөмір көрсетіледі. 4.2-деректемесінде 2-тармақ көрсетілген жағдайда, деректемені толтыру міндетті. (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес резидент емес жеке тұлғаға жеке тұлғаның бірыңғай нөмірі берілмеген кездерді қоспағанда). 4.15-деректемеде жеке басты куәландыратын құжат ретінде «Шетел мемлекеті азаматының паспорты» таңдалған кезде 4.13-деректемені толтыру талап етілмейді.»; алпыс екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «4.25 «Операцияға қатысушы туралы қосымша ақпарат» деген деректемеде 4-бөлімнің деректемелердінде толтыруға жататын ақпаратты қоспағанда, ішкі бақылау шараларын іске асыру кезінде оған қатысты, оның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді қаржыландыруға қатысы туралы күдік туындаған операция қатысушысына қосымша ақпарат көрсетіледі.»; көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада: қаржы мониторингі субъектілерінің түрлері кодтарының анықтамалығында: мына: « 081 Аудиторлық ұйымдар » деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: « 082 Бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсiби бухгалтерлер »; мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: « 110 Микроқаржы ұйымдары 120 Банктер болып табылмайтын электрондық ақша жүйелерінің операторлары »; көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшада: қаржы мониторингіне жататын операциялардың түрлері кодтарының анықтамалығында: мына: « 0211 Айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатып алу 0221 Айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сату » деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: « 0211 Клиенттің айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сатып алуы 0221 Клиентке айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын сату »; мына: « 0231 Айырбастау пункттері арқылы қолма-қол шетел валютасын айырбастау » деген жол алып тасталсын; мына: « 0611 Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына есептеуі 0612 Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына есептеуі 0613 Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар заңды тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына есептеуі 0614 Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар заңды тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына есептеуі 0621 Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына аударуы 0622 Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына аударуы » деген жолдар алып тасталсын; мына: « 0623 Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар заңды тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына аударуы 0624 Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар заңды тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына аударуы » деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: « 0623 Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке немесе заңды тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына есептеуі 0624 Оффшорлық аймақта тиісiнше тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке немесе заңды тұлғаның ақшаны клиенттiң банктiк есепшотына есептеуі »; мына: « 0631 Оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке тұлғалардың пайдасына клиенттің ақша аударуы 0632 Оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке тұлғалардың пайдасына клиенттің ақша аударуы » деген жолдар алып тасталсын; мына: « 0633 Оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар заңды тұлғалардың пайдасына клиенттiң ақша аударуы 0634 Оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар заңды тұлғалардың пайдасына клиенттің ақша аударуы » деген жолдар мынадай редакция жазылсын: « 0633 Оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ біржолғы операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке немесе заңды тұлғалардың пайдасына клиенттің ақша аударуы 0634 Оффшорлық аймақта тiркелген, тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi бар, сондай-ақ қатарынан күнтізбелік жеті күн iшiнде жүзеге асырылатын операция ретінде оффшорлық аймақта тiркелген банкте есепшоты бар жеке немесе заңды тұлғалардың пайдасына клиенттің ақша аударуы »; мына: « 2011 Заңның 4-бабының 2-тармағында көрсетілген операцияларды қоспағанда, қаржы мониторингіне жататын операция » деген жол алып тасталсын; көрсетілген Қағидалар осы қаулыға 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес 7, 8, 9-қосымшалармен толықтырылсын; 4) көрсетілген қаулымен бекітілген күдікті операцияны айқындау критерийлерінің белгілері осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың екінші, үшінші, алтыншы, жетінші, он үшінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, жүз он бесінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы №1435 қаулысына 1-қосымша Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларына 2-қосымша Нысан ҚМ-1 нысанының қабылданғаны (қабылданбағаны) туралы хабарлама ____________________________________________________________________ (уәкілетті орган) ____________________________________________________________________ (қаржы мониторингі субъектісінің атауы) _____ № __ҚМ-1 нысаны __________________ туралы хабарлайды. (қабылданғаны/қабылданбағаны) Қабылданбау себебі (ҚМ-1 нысаны қабылданбаған жағдайда ғана көрсетіледі) ___________________________________________________. Осыған байланысты ___________________________________________________: (қаржы мониторингі субъектісінің атауы) 1. Бұрмаланған түрде немесе толық емес көлемде ұсынылған ақпаратты ______________ ________________жіберу себептерін жоюы. (уәкілетті орган) 2. Осы хабарламаны___________________________________________________________ (қаржы мониторингінің субъектісі) алған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы ____________________________________________________________ қабылданбаған (уәкілетті орган) хабарламаны түзетуі және осы Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларының ережелеріне сәйкес оны қайтадан ұсынуы қажет. __________________________ ____________ ____________________ (уәкілетті органның уәкілетті (қолы) (қолдың толық жазылуы) адамының Т.А.Ә.) ҚМ-1 нысанының қабылданған (қабылданбаған) күні мен уақыты: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы №1435 қаулысына 2-қосымша Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларына 7-қосымша Нысан Қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша қажетті ақпарат, мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға сұрау салу «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және 10-бабының 3-1-тармағына сәйкес _____________________________________________________ (уәкілетті орган) клиенттердің операциялары және клиенттердің бенефициарлық меншік иелері туралы мынадай ақпаратты беруді сұрайды: 1. _____________________; 2. _____________________. ________________________ ____________ ____________________ (уәкілетті органның уәкілетті (қолы) (қолдың толық жазылуы) адамының Т.А.Ә.) Байланыс телефоны ________________ Сұрау салудың жіберілген күні мен уақыты: ______________________ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы №1435 қаулысына 3-қосымша Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларына 8-қосымша Нысан Қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша қажетті ақпарат, мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға сұрау салуға жауап «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және 10-бабының 3-1-тармағына сәйкес _____________________________________________________ (қаржы мониторингі субъектінің аты) __________ № ______ сұрау салуға мынадай ақпаратты жібереді: 1. ________________; 2. ________________. Қосымша _____ парақта. _________________________ ___________ ____________________ (қаржы мониторингі субъектісінің (қолы) (қолдың толық жазылуы) жауапты адамының Т.А.Ә.) Байланыс телефоны: _________________ Жауаптың жіберілген күні мен уақыты: ________________________ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы №1435 қаулысына 4-қосымша Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларына 9-қосымша Нысан Қаржы мониторингіне жататын операциялар бойынша қажетті ақпарат, мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама _______________________________________________________________ (қаржы мониторингі субъектісінің атауы) ___________________________________________________________________ (уәкілетті орган) ________ №____ қаржы мониторингіне жататын операция бойынша қажетті ақпаратты, мәліметтер мен құжаттарды беруге сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлайды. __________________________ ___________ ____________________ (қаржы мониторингі субъектісінің (қолы) (қолдың толық жазылуы) жауапты адамының Т.А.Ә.) Сұрау салудың қабылданған күні мен уақыты: ___________________________ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы №1435 қаулысына 5-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы №1484 қаулысымен бекітілген Күдікті операцияны айқындау белгілері Р/с № Код № Күдікті операцияны айқындау белгілері 1. Жалпы 1. 1009 Жақын туыстық немесе жекжаттық, асыраушылық, қамқоршылық және қорғаншылық қатынастарда болмаған үшінші тұлғаның пайдасына мүлік немесе өзге де материалдық құндылықтар сатып алу 2. 1012 Клиенттің (клиенттің өкілінің) қызмет көрсетудің (комиссиялар, сыйақы және т.б.) тиімді шарттарын елемеуі, сондай-ақ клиенттің (клиенттің өкілінің) қаржы мониторингі субъектісінің көрсеткен қызметі үшін әдеттегіден жоғары комиссия (сыйақы) ұсынуы 3. 1013 Осы ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымның қызметі сипатына мәміленің сай келмеуі 4. 1018 Клиенттің жоғары тәуекелді қаржылық операцияларды жүйелі жүргізуі, олардың нәтижесі клиенттің тұрақты табысы немесе тұрақты шығыны болып табылады 5. 1034 Коммерциялық емес ұйымдардың қатысуымен, оның ішінде қайырымдылық қызметімен және (немесе) өзге де қайырмалдықтармен байланысты операция 6. 1035 Клиент ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлейтін топтың (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұратын) не осы топтың ұсынымдарын орындамайтын мемлекетте (аумақта) тіркелген (тұратын) тұлғалардың қатысуымен, сондай-ақ осы мемлекетте (аумақта) тіркелген банктегі шотты пайдалана отырып, жүйелі түрде операциялар жасайды 7. 1036 Қаржы мониторингі субъектісі лауазымды адамдарының тәжірибелері мен білімдеріне сәйкес олар күдікті деп таныған операциялар 8. 2001 Жоғалған не ұрланған жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша, жалған құжат бойынша операция жүргізуге әрекеттену не жүргізу 9. 2003 Клиенттің (клиенттің өкілінің) дұрыстығы күмән туғызатын және тексеру мүмкін емес мәліметтерді, оның ішінде бенефициарлық меншік иесі туралы мәліметтерді ұсынуы, сонымен қатар клиент көрсеткен мекенжай мен телефондар бойынша хабарласудың мүмкін еместігі 10. 2005 Клиенттің (клиенттің өкілінің) операциялар жасаудағы негізсіз асығуы және (немесе) өткізілетін операцияларға қатысты құпиялылық мәселелерімен клиенттің орынсыз дегбірсізденуі 11. 2007 Клиенттің үшінші тұлғаның және/немесе операцияға қатысатын тұлғалардың басшылығымен операция жүргізуі 12. 2009 Клиенттің сомасы жеке алғанда қаржы мониторингіне жататын операция сомасынан аспайтын осыған ұқсас операцияларды бірнеше рет жүргізуі, бірақ қосу нәтижесінде белгілеген сомадан асатын болады (клиенттің қызметі міндетті немесе ерікті төлемдер, тұрғындарға қызмет көрсетумен байланыссыз болған жағдайда) 13. 2014 Осы қызмет оның кәсіптік қызмет шеңберіне кірмейтін жағдайларды қоспағанда, қымбат металдар мен асыл тастарды, зергерлік бұйымдарды, қымбат металдар сынығын жаппай сатып алу-сату 14. 2015 Операция жасау кезінде анық жалған ақпарат ұсынуының салдарынан клиенттің толқып тұрғаны байқалады 15. 2016 Клиент не клиенттер тобы қаржы мониторингі субъектісінің қызметкерлеріне олардың уәкілетті органға хабарлама жіберу не қажетті ақпаратты тіркеуі бойынша міндеттемелерін орындамау мақсатында, оның ішінде сыйақы беруге ұсыныс жасау жолымен ықпал жасауды жүзеге асырады 16. 3001 Терроризмді қаржыландыру тәуекелі жоғары елге (елден) ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операция жасау 17. 3002 Мәмілеге қатысатын коммерциялық емес ұйымдардың қатысуын қоспағанда, қайырымдылық қызметімен және (немесе) өзге де қайырмалдықпен байланысты ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операция жасау 18. 3003 Діни бағыттағы коммерциялық емес ұйымдардың қатысуымен ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операция жасау 19. 3004 Клиенттің осы операция (операциялар) терроризмді және (немесе) экстремизмді қаржыландыруға бағытталған деуге негіз туындаған операцияны (операцияларды) жасауға әрекеттенуі не жасауы 20. 6003 Тіркеу мекенжайы тіркеу орнымен, сондай-ақ терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген немесе алынып тасталған тұлғалар мен ұйымдардың орналасқан жерімен сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен операциялар 21. 7002 Химиялық, биологиялық және ядролық қаруға және олардың құрауышына жататын заттарды, егер бұл клиенттің қызметіне жатпаса, сатып алу-сатуға, тасымалдауға, дайындауға, сақтауға және сатып өткізуге байланысты ақшамен және өзге де мүлікпен жасалатын операциялар 22. 7003 Егер бұл клиенттің қызметіне жатпаса, әскери мақсаттағы заттарды, дәрі-дәрмекті сатып алуға-сатуға байланысты ақшамен және өзге де мүлікпен жасалатын операциялар 23. 7004 Егер бұл клиенттің қызметіне жатпаса, дәрілік препараттарды ғана емес, сонымен қатар улы және күшті әсер ететін басқа да синтетикалық және табиғи заттарды өзіне қамтитын, сатып алуға-сатуға байланысты ақшамен және өзге де мүлікпен операциялар 24. 7006 Қаржы мониторингі субъектісінің ішкі рәсімдеріне сәйкес олардың қызметі, операциялары не оларды жасау әрекеттері күдікті деп танылған клиенттер 2. Ақша төлемдері мен аударымдары бойынша қызметтер көрсету кезінде 25. 1010 Өзінің шаруашылық қызметінің негізгі сипатына және оның нақты қажеттіліктеріне сәйкес келмейтін тұлғалардың тауарлар мен қызметтер үшін ақша төлемдері немесе түсімдері 26. 1011 720 күннен асатын экспорт немесе импорт шарттары бойынша резиденттің репатриация мерзімін көрсетуі (Қазақстан Республикасының аумағындағы құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау және/немесе қызмет көрсетуді көздейтін шарттарын қоспағанда) 27. 1016 Мынадай: мәселен, білікті персоналдың, жабдықтың, айналым қаражатының және материалдық қорлардың болмауының объективті себептеріне байланысты төлеуші және (немесе) алушы көрсете алмайтын қызметтер үшін түсімдер және (немесе) төлемдер 28. 1017 Қалыптасқан іскер тәжірибеден өзгеше есеп айырысулар жүргізу тәртібімен стандартты емес немесе әдеттегідей емес күрделі нұсқаулықтардың болуы 29. 1023 Мәні бойынша сомалары бірдей және/немесе ұқсас ақшаны кейіннен қайта аудара отырып, клиенттің басқа банктегі (банктердегі) шотына (шоттарына) ақша қаражатын аудару бойынша ағымдағы шоттынан тұрақты түрде жүргізілетін ақша аударымдары 30. 1026 Клиенттің оның ішінде резидент еместердің қатысуымен әдеттен тыс жоғары сыйақы мөлшерімен қарыз беруімен (алуымен) байланысты ақша төлемдері мен аударымдары 31. 1027 Клиенттің тауарларды (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету және т.б.) жеткізу шарты бойынша бұрын алынған авансты қайтару жөнінде ақша төлемдері мен аударымдарын тұрақты негізде жүзеге асыруы 32. 1028 Әдеттегі іскерлік тәжірибеден қомақты түрде өзгешелігі бар мөлшерде мәміле затын төлеуге байланысты емес тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеумен байланысты төлемдер 33. 1029 Маркетингтік, консультациялық немесе зерттеу қызметтерін көрсету бойынша мәмілелер шеңберінде клиенттің тұрақты ақша аударуы (алуы) 34. 2012 Төлем жасалған немесе қарыз аударылған бастапқы шоттан басқа шотқа бұзылған мәміле немесе қарыз шарты бойынша клиенттің соманы қайтаруды жүзеге асыру ұсынысы 35. 5001 Операция бойынша алушы-резидент емес пен шарт бойынша алушы-резидент еместің атауының / Т.А.Ә. сәйкес келмеуі 36. 5002 Шарт (шарттар) бойынша тарап болып табылмайтын резидент еместің пайдасына тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) импортына шарт (шарттар) бойынша ақша төлемдері мен аударымдары 37. 5004 Сыртқы экономикалық қызмет немесе осыған ұқсас мәмілелерге қолданылатын осындай мәмілелерді және/немесе халықаралық ережелерді жүзеге асыру жөніндегі сыртқы экономикалық қызметтің жалпы қабылданған тәжірибесінен оның орындалу тәртібі бойынша шарттың негізгі талаптарының маңызды айырмашылығы 38. 7001 Қаржы саласындағы қызметті және (немесе) қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензиясы клиентте болмаған кезде жеке тұлғалардан ақша және (немесе) өзге де мүлік тартумен байланысты төлемдер мен аударымдар 39. 7007 Кеден одағының кеден аумағына тауардың нақты келіп түсуін көздемейтін не Кеден одағының аумағы бойынша тауарды алып өтуді көздемейтін тауарлар импортының шарты бойынша Кеден одағына кірмейтін мемлекеттер резиденттерінің пайдасына ақша төлемдері мен аударымдары 40. 7008 Олар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында жасалды деп ұйғаруға негіз туындауға қатысты банктік шот ашпай-ақ шет елге жүйелі ақша аударымдары 41. 7009 Валюта шартын ұсынбастан жүзеге асырылатын валюталық операциялар бойынша жүйелі ақша төлемдері мен аударымдары 42. 7011 Интернет-сауда саласындағы клиенттің қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда, клиенттің пайдасына ірі мөлшерде электрондық ақш